Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар, 
тұтас әйнек бұйымдар

Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар,
тұтас әйнек бұйымдар

Тел/Факс: 8 (7112) 268 707 Моб.: 8 (701) 626 54 54 E-mail: [email protected] Мекен-жайы: Орал қ. Петровск к. 144/1

Балкондар мен лоджиялар

«АлюмПрофСтрой» компаниясы Орал қаласындағы және БҚО-дағы балкондар мен лоджияларға арналған алюминий рамалар жасау мен монтаждауды ұсынады. Біз қысқа мерзімде ең үздік бағаға алюминий профилден жасалған балкон рамаларын орнатамыз.

Өндірісте біз балконды шынылау рамаларын дайындауға арналған алюминий профилі жүйесін қолданамыз. Аталмыш жүйе бізге ысырмалы, айдамалы және саңылаусыз екі жақты қақпалары бар конструкциялар жасауға мүмкіндік береді.

Біздің компания кез келген ғимараттың сәулетіне үйлесімді еніп кететін балкондар мен лоджияларды, француз балкондарын еш қиындықсыз жобалап, дайындай алады. Біздің сайтымызда сіз біздің жұмыстарымыздың үлгілерімен таныса аласыз.

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАЛКОНДАР МЕН ЛОДЖИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН АЛЮМИНИЙ РАМАЛАР

Алюминиевые рамы для балконов и лоджий в Уральске

Рамалар сіздің балкондарыңыз бен лоджияларыңызды жаңбыр мен желден, шу мен шаңнан қорғауға арналған. Балкондық алюминий рамалар сіздің үйіңіздің немесе пәтеріңіздің жылу оқшаулауын ғана жақсартып қоймай, сонымен бірге қосымша жайлылық пен қолайлылық жасайды.

Балкондық алюминий рамалар өз бәсекелестерінің алдында тұтастай артықшылықтар қатарына ие. Олардың ішіндегі ең маңыздысы алюминий профилден жасалған рамалардың аяздың, күн мен ылғалдың әсеріне шалдықпайтындығы. Соңғы аталған фактор әсіресе осындай ылғалдылықты тез қабылдайтын және үнемі күтімді қажет ететін, ағаш рамалар үшін қауіпті.

Балконды немесе лоджияны алюминиймен өңдеуге тапсырыс бере отырып Сіз кеңістікті айтарлықтай үнемдейсіз, себебі тек алюминий балкон рамалары ғана ысырмалы екі жақты қақпалармен шығарылады, ал бұл оны шынылаудың басқа түрлерінен тиімді ерекшелейді. Біздің компания рамалар өндірісі үшін ең жаңа заманауи құрал-жабдық пен фурнитураны қолданады, роликтік механизмдер мен сенімді тұтқалар екі жақты қақпалардың ұзақ уақыт бойы бірқалыпты жылжуы мен сенімді бекітіліп жабылуын қамтамасыз етеді.

Орал қаласында алюминий балкондық рамаларға тапсырыс бергіңіз келе ме? Ендеше қоңырау шалыңыз немесе біздің сйтымызға тапсырыс қалдырыңыз, біз міндетті түрде Сізге қайта хабарласамыз!

Мына телефондарға қоңырау шалыңыздар

Copyright © АлюмПрофСтрой 2014-2020
Сайт жасау студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru