Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар, 
тұтас әйнек бұйымдар

Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар,
тұтас әйнек бұйымдар

Тел/Факс: 8 (7112) 268 707 Моб.: 8 (701) 626 54 54 E-mail: [email protected] Мекен-жайы: Орал қ. Петровск к. 144/1

Терезелер мен есіктер

Біздің компания көп жылдар бойы Орал қаласындағы және Батыс Қазақстан облысындағы пластикалық терезелер, есіктер және басқа ашық жарық түсті конструкцияларды өндірумен және монтаждаумен айналысып келеді. Бізде тұрақты клиенттер көп, біз ірі ұйымдармен және жеке тұлғалармен бірлесе қызмет істеп келеміз.

«АлюмПрофСтрой» компаниясы орнатқан пластикалық терезелер мен есіктер қашанда мінсіз жинақталған және пайдаланылу мерзімі ұзақ. Біздің өнім Сіздің орын-жайыңыздың тазалығы мен көрнектілігін сақтауға қатысты көптеген міндеттеріңізді шешуге көмектеседі.

Біз әрқашан жинақтамалардың сапасын жақсартуды қамтамасыз етеміз, жұмыс жүргізу кезінде тең ең заманауи құрал-жабдықтарды қолданамыз және жұмысшылардың кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырамыз. Себебі біз үшін қоғамда қалыптасқан өз беделіміз де Сіздің де қолайлылығыңыз да шын қымбат. Біздің сайтымызда сіз біздің жұмыстарымыздың үлгілерімен таныса аласыз.

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАПСЫРЫСПЕН ЖАСАЛАТЫН ПЛАСТИКАЛЫҚ ТЕРЕЗЕЛЕР МЕН ЕСІКТЕР

Пластиковые окна и двери на заказ в Уральске

Біздің пластикалық терезелер мен есіктер үздік жылу оқшаулағыш көрсеткіштерден, сондай-ақ профидің жоғары сапасы мен тартымды дизайнынан тұрады. ПВХ есіктері мен терезелерінің көмегімен біз Сізге үйдегі немесе кеңседегі қалаған тыныштығыңызға, жайлылығыңызға қол жеткізуге көмектесеміз.

Пластикалық конструкциялардың ылғалға және қоршаған ортаның басқа да агрессивті әсерлеріне (аяз, ыстық, сыз, тура күн сәулелері) төзімді, олар ылғалдылығы жоғары орын-жайларда табысты қолданылады. Біз шығаратын барлық өнімдер берік, қауіпсіз, ұзақ мерзімді металл пластикалық профилден дайындалған. Біздің жоғары класты мамандар Сіздің барлық тілектеріңізді ескере, аталмыш үй құрылысының жалпы концепциясын сақтай отырып терезелер мен есіктерді орнатады.

Сапалы фурнитура мен дұрыс орнату сіздің орын-жайыңызды өкпек желдерден, жылдың салқын кезеңдерінде сыздың енуін қауіпсіздендіреді. Біздің компания дайындаған өнім герметикалық әрі дыбыссыз жабылады. Сапалы фурнитура – бұл үздіксіз және ұзақ жұмыстың кепілі. Біз әрбір бірнеше айдан соң реттеп отыратын фурнитура орнатқаннан гөрі ұзақ мерзімге қызмет ететін сапалы әрі сенімді фурнитура орнату ережесін ұстанамыз.

Біздің компания пластикалық терезелер нарығында он жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Біз өзімізді Челябинскідегі аталмыш қызмет көрсету түрінің сенімді әрі сапалы жеткізушісі ретінде көрсеттік. Біздің монтаждаушыларымыздың стандартты және индивидуальды өлшемдер бойынша жасалған терезелерді, пластикалық терезелерді орнатудағы үлкен тәжірибесі бар.

Орал қаласында пластикалық терезелер мен есіктерге тапсырыс беру Сізге қиындық тудырмайды. Көрсетілген телефон номерлеріне қоңырау шалып, біздің менеджермен байланыссаңыз немесе біздің сайтымызда «Тапсырыс қалдыру» формасын қолдансаңыз жеткілікті.

Орал қаласындағы металл пластикалық есіктер мен терезелер орнату – тез, кәсіби түрде әрі кепілдікпен! Біз терезелер мен есіктердің европалық стандарттар бойынша тәжірибелі және білікті монтаждаушылармен орнатылатынына кепіл боламыз.

Мына телефондарға қоңырау шалыңыздар

Copyright © АлюмПрофСтрой 2014-2020
Сайт жасау студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru