Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар, 
тұтас әйнек бұйымдар

Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар,
тұтас әйнек бұйымдар

Тел/Факс: 8 (7112) 268 707 Моб.: 8 (701) 626 54 54 E-mail: [email protected] Мекен-жайы: Орал қ. Петровск к. 144/1

Қақпалар

Сырғыма, айқарма қақпалар, есікшелер

Металл дуалдар мен қақпалар ажыратылмайды, өйткені кез келген қоршауда қоршалған аумақтан ішке және сыртқа қарай өту мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

"АлюмПрофСтрой" компаниясы Орал қаласында және Батыс Қазақстан облысында жеке және өнеркәсіптік мақсатта қақпалар және қақпалық жүйелердің барлық типтерін өндіруді, монтаждауды, қызмет көрсетуді және сервистік жөндеуді іске асырады.

Металл қақпаларды және есікшелерді жасау кезінде біз сапалы материалдарды және фурнитураны қолданамыз, соның арқасында конструкцияның пайдаланылу қасиеттері жақсарады, олардың қызметтілігі артады, қызмет ету мерзімі ұзарады. Қақпаларды жасауға арналған барлық элементтер олардың өндірушілерінің нұсқауларын, жүктемелік есептеулерін, монтаждау ерекшеліктерін және пайдалану талаптарын есепке ала отырып, мұқият таңдалынады. Осының бәрі бізге тұрғызылатын конструкциялардың ресурсын, олардың сенімділігін арттыруға және клиенттің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Біз қақпалардың әртүрлі үлгілерін, өлшемдерін және түстерін «кілтке сай» етіп жасауды ұсынамыз. Қажет болған жағдайда, қақпалар түймешіктің немесе қашықтықтан басқару пультінің көмегімен оларды жабуға немесе ашуға мүмкіндік беретін автоматикамен жабдықталады.

Металл қақпалар есікшесімен және онсыз жасалуы мүмкін, өлшемдері әртүрлі болуы және алуан түрлі материалдармен қаптатылуы мүмкін:

  • Тапсырыс берушінің «қаптамасымен» қаңқасы бар қақпалар;
  • Металлсайдингтен толтырылуы бар қақпалар;
  • «Торламадан» толтырылуы бар қақпалар (120 мм қадаммен 20х20 профильді құбыр);
  • Дәнекерленген тордан толтырылуы бар қақпалар (3D, 2D, Деко, Арка үстіне және Арка астына).

Барлық қақпалар жаңа технологияларды пайдалану арқылы дайындалады. Бұдан басқа, біз қақпалар үшін барлық керекті толымдаушыларды өткіземіз.

Қақпаларды орнатумен немесе орнатусыз бағасын сіз сайтта көрсетілген телефондарға қоңырау шалып, анықтай аласыз.

RAL КАТАЛОГЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАМЕН СЫРҒЫМА ҚАҚПАЛАРДЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ САТУ

Қақпалардың мұндай түрін сырғымалы деп те атайды. Құрылымды түрде, ашқанда тұтастай шетке қарай жылжитын біртұтас жарма болып көрінеді. Бұл кез келген иеліктегі үй немесе кәсіпорын үшін жеткілікті талап етілген және сөзсіз ыңғайлы нұсқаны көбінесе автоматты жетекпен жабдықтайды.

"АлюмПрофСтрой" компаниясы Орал қаласында немесе Батыс Қазақстан облысында қолжетімді бағамен электр жетегі бар немесе онсыз сапалы домалатылатын қақпаларды (басқаша жылжымалы немесе сырғымалы деп аталатын) жасауға тапсырыс беруді немесе сатып алуды ұсынады.

Біз жармалар түстері мен типтерінің кең нұсқаларын ұсынамыз. Біздің компаниямен жасалған қақпалар – пайдалану кезінде ыңғайлы және сенімді, тек қолайлығы жағынан ғана емес, сол сияқты жоғары эстетикалық сапасымен де ерекшеленеді.

Сырғыма қақпалардың түрлері:

  • Сырғыма арыс қақпалар – бұл салмақ түсетін арқалық ішінде орналасқан роликті күймешелерде орнатылған қақпалар. Қақпаның бұл түрінің тиісті жұмыс істеуі үшін кеңістік және берік фундамент болуы тиіс.
  • Аспалы сырғыма қақпалар өнеркәсіптік ғимараттар және әртүрлі құрылыстарда: ангарларда, қоймаларда, гараждарда және т.б. қоршау жүйелерін орнату кезінде қолданыс тапты. Жұмысының негізгі қағидасы қарапайым сырғыма қақпаларға ұқсас. Ерекшелігі тек бағыттауышы ойық үстінен бекітілгенінде.

ҚАПТАМА НҰСҚАЛАРЫ

Дәнекерленген тор Металлсайдинг

Тігіс астына қаңқа

Торлама


ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АВТОМАТТЫ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ АЙҚАРМА ҚАҚПАЛАР

Айқарма қақпалар – 2 жармадан тұратын, топсалы ілмектер көмегімен бағаналарда бекітілген қақпалар, өз кезегінде берік, қоршаудың көтергіш тіректерінде бекітілген.

Біздің компания Орал қаласында және Батыс Қазақстан облысында қолжетімді бағамен түстері, конструкциясы және өлшемдері әртүрлі сапалы айқарма қақпаларды тапсырыспен дайындайды.

"АлюмПрофСтрой" компаниясы айқарма қақпалардың екі түрін сатады:

  • Автоматты айқарма қақпалар;
  • Механикалық (қолмен ашу тәсілімен).

ҚАПТАМА НҰСҚАЛАРЫ

Дәнекерленген тор Металлсайдинг

Тігіс астына қаңқа

Торлама


ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ДУАЛҒА АРНАЛҒАН ЕСІКШЕЛЕР

Есікше қоршалған аумаққа адамдардың өтуі және одан шығуы үшін қызмет етеді. Орналасу әдісі бойынша есікше жеке тұратындай сияқты, сондай-ақ жалпы кіру тобының бөлшегі ретінде болып табылуы мүмкін.

"АлюмПрофСтрой" компаниясы Орал қаласында және Батыс Қазақстан облысында жоғарғы сапалы металл есікшелерді сатып алуды ұсынады. Қажет болған жағдайда, біздің мамандар сізге бағасы мен сапасы жағынан қолайлы бұйымдарды таңдап беруге көмектеседі, сонымен қатар дизайн, габариттері және монтажы жағынан кеңес береді.

ҚАПТАМА НҰСҚАЛАРЫ

Дәнекерленген тор Металлсайдинг

Тігіс астына қаңқа

Торлама


Мына телефондарға қоңырау шалыңыздар

Copyright © АлюмПрофСтрой 2014-2019
Сайт жасау студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru