Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар, 
тұтас әйнек бұйымдар

Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар,
тұтас әйнек бұйымдар

Тел/Факс: 8 (7112) 268 707 Моб.: 8 (701) 626 54 54 E-mail: [email protected] Мекен-жайы: Орал қ. Петровск к. 144/1

Тұтас әйнек бұйымдары

Жақтаусыз әйнектеу

Изготовление и монтаж цельностеклянных конструкций в Уральске и ЗКО

Тұтас әйнек бұйымдар – бұл секцияларының әрқайсысы алюминий профильдің қаңқасына орнатылмай, арнайы фурнитура көмегімен өздігінен еденге, қабырғаға немесе төбеге бекітілетін конструкциялар.

Бүгінгі күні әйнектеудің осы түрі офистерді, бутиктерді, әкімшілік ғимараттарды, СОК-тарды, үй-жайлардың ішін сияқты, сондай-ақ сыртынан да әрлеу кезінде өте кең қолданылады.

Жақтаусыз әйнектеу кезінде соққы жүктемелерге қарсы жоғары беріктігі бар арнайы қауіпсіз суарылған әйнек қолданылады. Тіпті қирау кезінде де мұндай әйнек қауіптілік тудырмайтын өткір емес қырлары бар ұсақ бөлшектерге шашырайды. Мұндай беріктік сөрелерді, есіктерді, қалқаларды орнатқан кезде маңызды.

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰТАС ӘЙНЕК КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ

ТОО "АлюмПрофСтрой" компаниясы Орал қаласында және Батыс Қазақстан облысында тұтас әйнек бұйымдарын дайындайды монтаждайды. Біз өз клиенттерімізге тұтас әйнек конструкциясы саласында тек қана уақытпен тексерілген шешімдерді ұсынамыз. Сіздің қалауыңызша дербес, эксклюзивті жобаны жасауға мүмкіндік бар.

Сіз бізге жақтаусыз әйнектеу өнімдерінің әр түріне тапсырыс бере аласыз: әйнектелген есіктер, қалқалар және сөрелер, жарықөткізгіш күнқағарлар және бастырмалар, себезгі кабиналары, баспалдақтар және таяныштар және көптеген басқалар. Өнімнің барлық түрлері ең жаңа технологияларды пайдалана отырып дайындалады, ал монтаждау біздің білікті мамандарымызбен жасалады.

Тұтас әйнек конструкциясын жасау кезінде клиенттің қалауы бойынша мөлдір немесе күңгірт әйнекті сияқты, сондай-ақ қараңғыланған, айналы-қараңғыланған, сәндік, бедерлі, нақышталған әйнек қолданылуы мүмкін.

Өзіміздің өндірісімізде біз жетекші өндірушілердің тек ең жақсы фурнитурасын (әйнек ұстағыштар, қысқыш профильдер, фитингтер, жеткізгіштер және т.б.) қолданамыз, бұл клиенттерімізге біздің тұрғызған конструкцияларымыздың ұзақтылығы мен беріктігіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Біздің жұмыс үлгілерімізбен Сіз осында танысуыңызға болады.

Мына телефондарға қоңырау шалыңыздар

Copyright © АлюмПрофСтрой 2014-2019
Сайт жасау студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru