Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар, 
тұтас әйнек бұйымдар

Жарықөткізгіш қасбеттер, күннен қорғайтын ламелдер,
кеңселік қалқалар, терезелер, есіктер, витраждар,
алюминийден және пластиктен жасалған қылтималар,
тұтас әйнек бұйымдар

Тел/Факс: 8 (7112) 268 707 Моб.: 8 (701) 626 54 54 E-mail: [email protected] Мекен-жайы: Орал қ. Петровск к. 144/1

Бөлгіштер

«АлюмПрофСтрой» компаниясы Орал қаласындағы және БҚО-дағы кез келген қажеттілікке арналған алюминий бөлгіштер жүйесін жасау мен монтаждауды ұсынады. Біз тапсырыспен қысқа мерзімде ең үздік бағаға интерьерлік (кеңселік), сантехникалық, бөлме аралық және мобильдік бөлгіштер дайындаймыз.

Алюминиден жасалған бөлгіштердің айрықша ерекшеліктері максимальды шу оқшаулау мен ерекше қаттылық сипаттамасы, себебі монтаждау кезінде олар тек қана еденге емес, сонымен бірге төбеге, мүмкіндігінше қабырғаға да бекітіледі.

Біздің сайтымызда сіз біздің жұмыстарымыздың үлгілерімен таныса аласыз.

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕҢСЕЛІК (ИНТЕРЬЕРЛІК, МОБИЛЬДІК, БӨЛМЕАРАЛЫҚ) БӨЛГІШТЕР

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КЕҢСЕЛІК (ИНТЕРЬЕРЛІК, МОБИЛЬДІК, БӨЛМЕАРАЛЫҚ) БӨЛГІШТЕР

Кеңселік (интерьерлік) алюминий бөлгіштерінің жүйесі кеңселердегі және түрлі типтегі мекемелердегі жұмыс кеңістігін ұйымдастыруға арналған. Алюминий бөлгіштер мобильді және тұрақты бола алады. Осындай жүйелердің болуының арқасында функциональды орын-жайлардың әр алуан түрін жоспарлап, сол арқылы қызметкердің жұмысына қолайлы жағдай тудыруға болады.

Біздің кеңселік жүйелер Сізге холлда, келіссөз, жұмыс кабинеттерінде таңдаулы интерьер жасауға мүмкіндік береді. Аталмыш жүйелер сауда кешендерінде, супермаркеттерде, банкілерде, өндірістік және әкімшілік орын-жайларда, фитнес-орталықтарда, оқу орындарында залдарды бөлу үшін жемісті қолданылады.

Біз Сізге индивидуальды шешімдердің көп түрін ұсынып, тапсырыспен типтік жобалар немесе сіздің сызбаңыз бойынша кеңселік бөлгіштер дайындаймыз. Конструкция элементтерінің үлкен таңдауы, кеңсе жүйелерін фактурлық және түстік безендірудің көптеген варианттары – осының бәрі экслюзивтілік пен қолайлылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Араларына іштен басқарылатын жалюздер қойылуы мүмкін тонирленген, күңгірт және сәндік шыныларды (әйнектерді) қолдану арқылы шыны және тұйық (саңылаусыз) секциялар комбинациясында бөлгіштерді дайындауға болады.

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САНТЕХНИКАЛЫҚ АЛЮМИНИЙ БӨЛГІШТЕР

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САНТЕХНИКАЛЫҚ АЛЮМИНИЙ БӨЛГІШТЕР

Біздің компания Орал қаласында және БҚО-да тапсырыспен сантехникалық тораптарға, ванна, душ кабиналарына, сауналар мен моншаларға арналған алюминий бөлгіштер дайындайды.

Бүгінде қоғамдық және тұрғын үй орын-жайларындағы бөлмеаралық бөлгіштерді монтаждау үшін кірпіш, силикат блоктар немесе гипс картон емес жиналмалы конструкциялар көп қолданыла бастады. Осындай конструкциялардың негізі алюминий бағыттаушы конструкциялар болып табылады.

Душ кабиналарына, сантехникалық тораптар мен жылжымалы сантехникалық бөлгіштерге арналған бөлгіштерді құру кезінде дәл осы алюминий профилге артық баға беруі кездейсоқтық емес. Бөлгіштерге арналған алюминий профильдің басқа материалдар алдында тұтастай артықшылықтар қатары бар:

  • Конструкция салмағының жеңілдігі есебінен монтаждау жұмысының қарапайым болуы
  • Алюминий жоғары ылғалдылыққа төзімді
  • Конструкцияның құрылған барлық элементтері бірін-бірі алмастыра алады, яғни конструкцияны жөндеу қажет болған кезде шығын аз шығады
  • Функциональдылық (алюминий конструкциялардың ішіне коммуникацияларды, жылытқыш немесе дыбыс оқшаулағыш материалды орнатуға болады)
  • Бөлшектеу және тасымалдау жүргізудегі жеңілдік

Егер Сіз кеңселік, интерьерлік, бөлме аралық, мобильдік, сантехникалық алюминий бөлгіштерді Орал қаласында қайда тапсырыс беруді әлі ойланып жүрсеңіз, онда біз Сізді күтеміз! Сіздің талғамыңызға қарай түрлердің, түстер мен фактуралардың үлкен таңдауы ұсынылады, бұл бізге Сіз үшін бірегей интерьер жасап, оны қайталанбас стилде безендіруге мүмкіндік береді.

Тапсырысты Сіз тура біздің сайтымызда немесе көрсетілген номерлерге қоңырау шалып рәсімдей аласыз.

Мына телефондарға қоңырау шалыңыздар

Copyright © АлюмПрофСтрой 2014-2019
Сайт жасау студия "Web-inSite"
Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru