«АлюмПрофСтрой» компаниясы Орал қаласындағы және БҚО-дағы ашық жарық түсті шатырлар өндірісі және оларды монтаждаумен айналысады.
Ашық жарық түсті жабындар – бұл көп тәжірибе мен білімді талап ететін алюминий конструкциясының ең күрделі түрлерінің бірі. Біздің мамандар барлық қажетті дағдыларды меңгерген және жобалау мен құрылыс саласындағы өз біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отырады. Осының арқасында біз еш қиындықсыз түрлі конфигурациялы жабындарға: сыңар итарқалы және екі жағы да құламалы шатырларға, күмбездерге, арка күмбездеріне, күрделі геометрия пирамидаларына арналған ашық жарық түсті конструкциялар дайындаймыз.
ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ТАПСЫРЫСПЕН АШЫҚ ЖАРЫҚ ТҮСТІ ШАТЫРЛАРДЫ (ЖАБЫНДАРДЫ) ДАЙЫНДАУ
Шатырларды, күмбездерді шынылауға арналған алюминиден жасалған конструкциялар күн сайын барынша танымал бола түсуде. Олар ғимараттар мен үй-жайларға тек нәтижелі, стандарттан тыс, қайталанбас келбет беріп қана қоймай, сонымен бірге қоршаған ортаның жауын-шашын, жел түріндегі жайсыз құбылыстарынан ғана емес, сондай-ақ, ультракүлгін сәулелерден де сенімді қорғап, мұнымен қоса кеңістікті ашық әрі жеңіл етеді.
Үй-жайды табиғи жарықтандырудың үш түрі бар, олар: бүйірден, жоғарыдан және аралас (бүйірден және жоғарыдан жарықтандыру). Бүйірден жарықтандырудың жеткіліксіздігін жекелеген көлбеу құламалар, аркалар, пирамидалар, күмбездер, көпбұрыштар және т.б. түрінде орындалынатын ашық жарық түсті шатырлардың көмегімен оңай шешуге болады.
Ашық жарық түсті жабындардың негізгі құндылықтары:
-
Жайсыз ауа райы жағдайының және күн жарығынан ең сенімді қорғаныс;
-
Ұзақ мерзім пайдалану;
-
Ылғал өткізбеушілік;
-
Жоғары температураға, ультракүлгін сәулелерге, химиялық әсер етулерге, коррозияға төзімділігі;
-
Экологиялылығы (қоршаған ортаға зиянсыздығы).
Біздің компаниямыз сауда-ойын-сауық кешендері мен басқа мекемелерге арналған ашық жарық түсті жабындары бар атриумдар дайындауда жеткілікті тәжірибеге ие. Конструкцияның аталмыш түрі көбінесе бірнеше ғимаратты біріктіруге және ішкі ауланы құруға қолданылады.